Сурет: Астана қаласының әкімдігі
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Астанадағы Сарыарқа ауданында 8 аула мен бір қоғамдық кеңістік жаңартылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа кешендер балалардың қауіпсіз әрі көңілді уақыт өткізуіне барлық жағдай жасалған. Әр аулада заманауи ойын алаңдары, спорттық құрылғылар мен демалыс орындары орнатылды.
«Балалардың қуанышы – біздің басты мақсатымыз. Жаңа аулалар мен алаңдар олардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді», – деді Сарыарқа ауданының әкімі Нұрлан Серікқалиев.
Айта кетейік, қала әкімдігі биыл тағы 20 ауланы жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл жобалар жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша іске асырылуда.

