Сурет: istockphoto.com
Қазақстан мұнай экспортын әртараптандыру үшін жаңа бағыттарды қарастырып жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, қазіргі геосаяси жағдайға байланысты дәстүрлі экспорттық маршруттарға тәуелділікті азайту маңызды.
Біз баламалы бағыттарды кеңейту бойынша бірнеше жобаны зерделеп жатырмыз. Бұл Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтады, – деді Ақкенженов.
Әсіресе Каспий құбыр желісі консорциумының жүктемесін азайту және Қытай, Иран бағытындағы мүмкіндіктерді қарастыру жоспарланып отыр.

