Сурет: Бас прокуратура
Ержан Дүйсекенов енді Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры қызметін атқарады. Бұл тағайындау Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен жүзеге асты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ержан Дүйсекенов бұған дейін құқық қорғау саласында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Оның жаңа қызметі облыстағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бас прокуратура бұл тағайындауды кадрлық ротация аясында жүргізілгенін атап өтті.

