Сурет: Egemen Qazaqstan
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинді Астана әуежайында жеке өзі қарсы алды. Мемлекет басшыларының кездесуі елордадағы ресми сапардың басталуын білдіреді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ресей Президентінің ұшағы Қазақстан әуе кеңістігіне енген сәттен бастап Астана әуежайына қонғанға дейін Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты. Бұл — жоғары дәрежелі мейманға көрсетілетін құрметтің бір белгісі.
Мемлекет басшылары екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар келіссөздер өткізеді деп күтілуде.
Ресми сапар барысында сауда-экономикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Бұл — Тоқаев пен Путиннің биылғы алғашқы кездесуі.

