Categories Спорт

Футбол жұлдызы Дастан Сәтпаев мектеппен қоштасты: соңғы қоңырау соғылды

Сурет: Бейнежазбадан

Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы, «Қайрат» футбол клубының 17 жастағы ойыншысы Дастан Сәтпаев мектеп бітірді. Ол салтанатты соңғы қоңырау рәсіміне қатысып, оқу орнымен қоштасты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жас футболшы білім мен спортты қатар алып жүрген. Дастан мектепті үздік бағамен бітірмесе де, футболдағы жетістіктерімен танымал. Ол Қазақстан жастар құрамасының негізгі ойыншыларының бірі.

«Мектеппен қоштасу – үлкен кезең. Енді футболға толықтай көңіл бөлемін», – деді Дастан Сәтпаев.

Сәтпаев «Қайрат» футбол клубының тәрбиеленушісі. Ол клубтың жастар командасында өнер көрсетіп, көптеген гол соққан. Болашақта ұлттық құраманың негізгі ойыншысы атануды мақсат етеді.

Ұқсас жазбалар

Бублик «Ролан Гарростан» бірінші айналымда-ақ ұшып кетті

Қазақстанның бірінші, әлемдік рейтингте 18-орында тұрған Александр Бублик Францияның ашық чемпионатында сәтсіз старт алды.

Ризабек Айтмұхан жаңа салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Вьетнамда өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында жаңа салмақ дәрежесінде чемпион…

Астанада Қажымұқан атындағы стадион ашылды: 3600 орындық, UEFA 2-санаты

Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион ашылды. Нысан 3600 көрерменге арналған, UEFA 2-санатына сай. Бұл елорда…