Сурет: Egemen Qazaqstan
Оңтүстік Африкадағы Кейптаун марафонын сәтті аяқтаған 80 жастағы Салтанат Түйтебаев Астанаға оралды. Оны әуежайда туыстары мен жанкүйерлері қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Салтанат Түйтебаев – елімізге белгілі марафоншы, жасына қарамастан әлемнің түкпір-түкпіріндегі жарыстарға қатысып жүр. Бұл жолы ол Кейптаунда өткен халықаралық марафонда бақ сынады.
«Мен үшін әрбір марафон – жаңа сын. Жасым 80-ге келсе де, елімнің абыройын асыру – менің парызым», – деді ардагер спортшы.
Жанкүйерлер оны гүл шоқтарымен қарсы алып, жеңісімен құттықтады. Түйтебаевтың бұл жетістігі егде жастағы адамдарға үлгі болып отыр.

