Сурет: Ашық дереккөз
Енді көлік иелері өз нөмірін жақын туыстарына бере алады. Ішкі істер министрлігінің көлікті тіркеу қағидаларына енгізген өзгерістері күшіне енді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұрын мемлекеттік тіркеу нөмірін басқа адамға ауыстыруға тыйым салынған еді. Енді бұл шектеу алынып, көлік иелері өз нөмірін жұбайына, балаларына, ата-анасына немесе аға-інілеріне бере алады.
«Жаңа ереже бойынша, көлік иесі өз нөмірін бірінші санаттағы туыстарына ауыстыра алады. Ол үшін арнайы өтініш беру қажет», — деді ІІМ өкілі.
Нөмірді ауыстыру рәсімі арнайы тіркеу орталықтарында жүргізіледі. Құжаттарды онлайн режимде де тапсыруға болады. Жаңа өзгеріс көлік иелеріне ыңғайлылық тудырып, уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

