Categories Жайық news

Алматыда дәрігерлер босанған әйелдің ішіне дәке қалдырып кеткен

Алматыдағы перзентханада болған сорақы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Зардап шеккен ана ауыр халде жатыр.

Алматыда орын алған медициналық қателік елді елең еткізді. Перзентханалардың бірінде босану операциясынан кейін әйелдің ішіне марля (дәке) салфеткасы қалып қойған. Бұл аса ауыр асқынуларға алып келді.

9 ай бойы белгісіз дертпен арпалысқан ана

Босанғаннан кейін әйел қатты ауырсынуды сезіне бастаған. Алайда дәрігерлер бұл шағымдарға салғырт қарап, ана мен сәбиді үйіне жіберген. Тек тоғыз ай өткен соң, өзге клиникаларға жүгініп, бірнеше тексеруден кейін ғана қорқынышты шындық анықталған.

Пациенттің ішкі құрылысына қалып қойған дәке қабынуға, іріңдеуге және перитонитке алып келген. Ақырында әйелге шұғыл ота жасалып, ішек бөлігін алып тастауға тура келген. Қазіргі уақытта зардап шегуші ауыр хәлде жатыр және калоприемник (жасанды ішек қалтасы) қолдануға мәжбүр.

Қалалық перзентхана кінәсін мойындады, бірақ…

Оқиға орын алған перзентхана кінәсін ішінара мойындап, ішкі қызметтік тексеріс жүргізілетінін хабарлады. Алайда қазіргі кезде барлық емдеу шығындарын отбасы өз есебінен көтеріп отыр. Қазіргі есеп бойынша, шығын он мыңдаған теңгемен шектелмейді.

Зардап шегушінің заңгерінің айтуынша:

«Егер шұғыл ота жасалмаған болса, бұл жағдай өліммен аяқталуы әбден мүмкін еді».

Ресми тексеру басталды: дәрігерлер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл іске ерекше назар аударып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қызметтік тексеріс жүргізу туралы ресми өтініш жолдады. Қазіргі таңда тексеріс жүріп жатыр.

Заңгерлердің айтуынша, мұндай немқұрайлылық үшін медицина қызметкерлері 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алматыдағы бұл жан түршігерлік жағдай медицинадағы жауапкершілік пен қауіпсіздік мәселесін қайта көтерді. Перзентханаға сеніп барған әйел ауыр мүгедектікке душар болып отыр. Оқиғаның нәтижелері мен заңды салдары бүкіл ел үшін сабақ болуы тиіс.

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.