Сурет: Aikyn.kz
19 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заңға өзгерістер енгізетін құжатқа қол қойды. Жаңа түзетулер әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерге әскери атақ беру тәртібін қатаңдатады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Енді «үздік» диплом алған курсанттарға «лейтенант» атағы берілмейді. Оның орнына олар жалпы негізде — емтихан тапсырып, оқу бағдарламасын толық меңгергеннен кейін ғана офицер атанады.
«Бұрын үздіктерге атақ бірден берілсе, енді барлық түлек бірдей емтиханнан өтіп, дайындық деңгейін дәлелдеуі керек. Бұл әскери кадрлардың сапасын арттыруға бағытталған шара», — дейді Қорғаныс министрлігінің өкілі.
Өзгерістер әскери білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату мақсатында енгізілді. Мамандардың айтуынша, жаңа тәртіп офицерлердің кәсіби дайындығын күшейтіп, армиядағы тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.

