Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Ашхабадқа барып, ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Отырыста экономикалық ынтымақтастық, сауда-саттықты арттыру және бірлескен жобаларды ілгерілету мәселелері талқыланды. Тараптар азық-түлік қауіпсіздігі мен көлік дәліздерін дамытуға ерекше назар аударды.
«Біз ТМД аясындағы өзара тиімді әріптестікті нығайтуға мүдделіміз. Бүгінгі келісімдер сауда айналымын ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға серпін береді», – деді Олжас Бектенов.
Жиын қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды. Келесі кеңес 2025 жылы өтеді деп жоспарлануда.

