Categories Спорт

Бублик Швейцарияда жартылай финалға шықты: қарсыласы кім?

Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Швейцарияда өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әлемдік рейтингте оныншы орында тұрған теннисші ширек финалда чехиялық Томаш Махачты екі сетте жеңді. Есеп – 6:4, 6:4.

Бублик жартылай финалда чехиялық Иржи Лехечкамен кездеседі. Бұл екі теннисші арасындағы үшінші ойын болады. Бұған дейін екеуі де бір-бірінен жеңіп, есеп тең түскен.

«Кортта өзімді жақсы сезінемін. Қолымнан келгеннің бәрін жасаймын», – деді Бублик матчтан кейінгі сұхбатында.

Турнирдің жүлде қоры 650 мың еуроны құрайды. Жеңімпаз 250 рейтингтік ұпай алады.

Ұқсас жазбалар

Нойер бесінші рет әлем чемпионатына барады: Германия құрамасының тізімі жарияланды

Мануэль Нойер бесінші рет әлем чемпионатына қатысады. Германия құрамасының тізімі жарияланды.

Ролан Гаррос-2026: Рыбакинаның алғашқы қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық теннисшілер «Ролан Гаррос» турниріндегі қарсыластарын анықтады. Елена Рыбакина алғашқы айналымда күшті қарсыласпен кездеседі.

Елдос Сметов жылдағы үзілістен соң татамиге оралып, Қытайдағы Гран-приге қатысады

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов ұзақ үзілістен кейін халықаралық жарысқа қайта шығады. Ол Қытайдағы Гран-при…