Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдап, өңірдің даму жоспарын тыңдады. Президенттің басты тапсырмасы – қалада жаңа драма театры мен заманауи кітапхана салу, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әкім өңірдің қаңтар-сәуір айларындағы макроэкономикалық көрсеткіштерін баяндады. Сонымен қатар алдағы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын таныстырды.
«Мәдениет саласын дамытуға ерекше көңіл бөлу керек. Халықтың рухани сұранысын қанағаттандыратын заманауи нысандар салу – басты міндет», – деді Президент.
Жаңа театр мен кітапхана Қызылорданың мәдени өміріне серпін бермек. Құрылыс жұмыстары биыл басталады деп күтілуде.

