Categories Шартарап

Alatau City аспанында аэротакси сынақтан өтті: кептеліс тарихта қала ма?

Алматы маңындағы Alatau City аймағында электр қуатымен жұмыс істейтін аэротакси алғаш рет сынақтан өтті. Бұл жаңа көлік түрі қала кептелісін азайтып, туристер мен тұрғындардың қажетті нысандарға жетуін едәуір жеделдетеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сынақ барысында аэротакси белгіленген бағыт бойынша ұшып, қону мен көтерілу кезінде тұрақтылық танытты. Құрылғы толығымен экологиялық таза, шусыз және зиянды шығарындысыз жұмыс істейді.

«Біз бұл технологияны Алматы агломерациясының көлік жүйесіне енгізуді жоспарлап отырмыз. Аэротакси уақытты үнемдеп, қала экологиясын жақсартады», — деді жоба жетекшісі Ерлан Серікқалиев.

Жаңа көлік түрінің алғашқы рейстері келесі жылы басталуы мүмкін. Қазіргі уақытта қауіпсіздік стандарттары мен ұшу рұқсаттарын реттеу жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас жазбалар

Open Air концерті: «Астана Арена» маңында көлік қозғалысы шектеледі

6 шілдеде Елорда күніне орай «Астана Арена» стадионы алаңында Open Air форматында мерекелік концерт өтеді.

Ұлттық домбыра күніне орай елімізде 2000-нан астам іс-шара өтеді

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанның барлық өңірінде 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді. Оның ішінде концерттер,…

Астанадағы жаңа туристік нысандар 352 мың туристі тартты

2026 жылдың бірінші тоқсанында Астанаға келген туристер саны 12%-ға өсіп, 352 мыңнан асты. Жаңа туристік…