Қазақстанның 17 өңірінде «Халық әуені» атты концерттік тур өтеді. Ол Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Шара 21-23 мамыр аралығында ұйымдастырылады. Әр өңірде жергілікті өнерпаздар мен танымал әншілер ұлттық әуендерді шырқайды.
«Біз халықтың рухын көтеретін, ұлттық құндылықты дәріптейтін жобаны қолға алдық. Әр қалада ерекше бағдарлама дайындалуда», — дейді ұйымдастырушылар.
Турдың мақсаты — қазақтың дәстүрлі музыкасын насихаттап, өнер адамдарының еңбегін бағалау. Көрермендер тегін концерттерге қатыса алады.

