АҚШ-тың Айдахо штатындағы Маунтин-Хоум әскери әуе базасында өтіп жатқан әуе шоуы кезінде екі жойғыш ұшақ ауада соқтығысты. Оқиға салдарынан ұшқыштардың жағдайы әзірге белгісіз, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әуе шоуы кезінде екі әскери ұшақтың соқтығысуы жергілікті тұрғындарды дүр сілкіндірді. Куәгерлердің айтуынша, ұшақтар жоғары жылдамдықпен маневр жасап жатқанда бір-біріне соғылып, құлаған.
«Біз ұшақтардың соқтығысқанын көрдік, содан кейін аспанда қара түтін пайда болды. Барлығы үрейленіп, не болғанын түсіне алмады», – дейді куәгерлердің бірі.
Қазіргі уақытта әскери базада құтқару жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. АҚШ Әуе күштері тергеу басталғанын растады.

