Ауа райы күрт өзгереді: дауылды ескерту жасалды

Синоптиктер жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болатынын болжап отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алайда, мамандардың айтуынша, бірнеше өңірде күшті жел мен дауыл күтіледі. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетуі мүмкін.

«Тұрғындарға сақ болуға кеңес береміз. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты дауылды ескерту жарияланды», — деді облыстық ТЖД өкілі.

Сондай-ақ, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Ертеңге қарай ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін төмендейді.

Ұқсас жазбалар

Астанада LRT тоқтап қалды: жолаушылар есікті ашып жіберген

Астанадағы LRT желісі жолаушылардың есікті ашуынан тоқтап қалды. Әкімдік кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды жоспарлап отыр.

Тоқаев бірнеше мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлесті: не талқыланды?

Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынастар мен өзекті мәселелерді талқылады.

Астана, Алматы және тағы екі қалада ауа райы нашарлайды: сыртқа шықпаңыз

«Қазгидромет» бүгін Астана, Алматы және тағы екі қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті. Тұрғындарға сыртқа көп…