Бангкокта пойыз бен автобус соқтығысып, 8 адам қаза тапты: 32 жараланды

Тайланд астанасы Бангкокта жол апатынан 8 адам көз жұмды. Пойыз бен автобус соқтығысып, тағы 32 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға қала маңындағы теміржол өткелінде болған. Автобус жолаушыларға толы болған. Жергілікті билік қаза тапқандардың жеке басын анықтау үшін сараптама жүргізіп жатыр.

Жараланғандар ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Полиция апаттың себебін тергеп жатыр.

Ұқсас жазбалар

Қарағанды облысында үш теміржол вокзалы жаңғыртылды

Қарағанды облысында Нұра, Қарағанды-Сұрыптау және Жаңа Қарағанды станцияларындағы теміржол вокзалдары жаңғырту жұмыстары аяқталған соң ашылды.

Президент Канада Премьер-министрін ұлттық мерекемен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Канада Премьер-министрі Марк Карниге ұлттық мерекемен құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалады: Президент заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның қабылдануына орай рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды.