Таяу Шығыстағы шиеленіс Ирактың мұнай экспортына ауыр соққы берді. Ел Ормұз бұғазы арқылы мұнай жөнелтуді шамамен тоғыз есеге азайтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл өзгеріс аймақтағы геосаяси тұрақсыздықтың тікелей салдары болып отыр. Ирак бұғаз арқылы мұнай экспортын күрт шектеуге мәжбүр болды.
Ормұз бұғазы – әлемдік мұнай нарығы үшін маңызды өткел. Оның бітелуі жаһандық бағаға әсер етуі мүмкін, — дейді сарапшылар.
Қазіргі уақытта Ирак үкіметі балама экспорттық маршруттарды іздестіруде. Алайда жағдайдың ушығуы жақын арада тұрақтануы екіталай.

