Қазақстанда әрбір екінші ересек адам гипертониямен ауырады. Бұл – инфаркт пен инсультке апаратын ең көп таралған себептердің бірі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
17 мамыр – Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні. Дәрігерлердің айтуынша, бұл дерт көп жағдайда ешқандай белгі бермейді, сондықтан адамдар аурудың барын білмей жүреді.
«Гипертония – «тыныш өлтіруші». Қан қысымын үнемі бақылап отыру керек. Әсіресе, 40 жастан асқандарға бұл міндетті шарт», – дейді кардиологтар.
Мамандар тұзды азайтып, дене белсенділігін арттыруды ұсынады. Сондай-ақ, жылына кемінде бір рет қан қысымын тексертуге кеңес береді.

