Categories Ақорда

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамытудың жаңа жолдарын іздеуді тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіп саласындағы тәсілдерді қайта қарауды тапсырды. Бұл туралы үкімет отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бектеновтің айтуынша, қазіргі жеңіл өнеркәсіптің даму қарқыны төмен. Салада импортқа тәуелділік жоғары, ал жергілікті өндірушілер бәсекеге шыдай алмай отыр.

«Бізге жеңіл өнеркәсіпті көтеру үшін түбегейлі жаңа шешімдер қажет. Ескі әдістермен алға жылжу мүмкін емес», — деді премьер-министр.

Министрліктерге бір ай ішінде саланы дамытудың нақты жоспарын әзірлеу тапсырылды. Жаңа тәсілдерге жеңілдіктер мен субсидияларды қайта қарау, сондай-ақ өндіріске инновацияларды енгізу кіреді.

Ұқсас жазбалар

Марат Әзілханов ҚХА төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

Астанада мемлекеттік орган басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект семинары өтті

Астанада мемлекеттік орган басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект семинары өтті.

Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан бұқаралық ақпарат құралдарының бір топ қызметкеріне баспана…