Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия бизнес форумында сөз сөйлеп, екі ел арасындағы экономикалық байланыстардың қарқынды дамып жатқанын айтты. Оның сөзінше, Қазақстан түркі әлеміндегі ең ірі сауда-экономикалық серіктеске айналған.
Президент бұл жетістікті екі ел кәсіпкерлерінің белсенді жұмысымен байланыстырды. Форум барысында тараптар жаңа бірлескен жобаларды талқылап, сауда айналымын арттыру жолдарын қарастырды.
«Қазақстан – түркі әлеміндегі ең ірі сауда-экономикалық серіктесіміз. Біздің кәсіпкерлеріміздің арқасында бұл көрсеткіштер одан әрі өседі», – деді Ердоған.
Форумға екі елдің ірі бизнес өкілдері қатысып, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін көтерді. Түркия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары айтарлықтай өскен.

