Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған кездесіп, білім саласындағы бірлескен жобаларды талқылады. Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту аясында Шымкентте Түркияның Гази университетінің филиалы ашылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президенттер білім, ғылым және инновация саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті. Жаңа университет қазақстандық студенттерге заманауи білім беру стандарттарын ұсынады.
Тараптар сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелерін қарастырды. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.

