Құлсарыда сенбілік кезінде мұнайшы көз жұмды. Бұл оқиғаға байланысты қызметтік тексеру басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Құлсары қаласындағы сенбілік шарасы кезінде болды. Мұнай саласының қызметкері жұмыс барысында жан тапсырған.
Қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тексеру нәтижесінде кінәлілер анықталатын болады.

