Олжас Бектенов көлік саласын дамыту жолдарын талқылады: әуе, теңіз, теміржол

Премьер-министр Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында ұлттық жүк әуе компаниясын дамыту, теңіз және теміржол тасымалдарын ұлғайту жолдары қаралды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысын пысықтады. Атап айтқанда, ұлттық жүк әуе компаниясын құру және оның тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті шаралар талқыланды.

«Бізге әуе тасымалы нарығында бәсекеге қабілетті компания құру маңызды. Сонымен қатар теңіз және теміржол тасымалдарын дамыту арқылы транзиттік әлеуетімізді арттыруымыз керек», — деді Олжас Бектенов.

Жиында ведомство басшылары атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Кеңес қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Ұқсас жазбалар

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі: 1 430 адам қаза тапты

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен төрт күн өткенде, құтқарушылар үйінді астынан 11 жастағы баланы аман алып…

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан медиа саласының мамандарына баспана кілттері берілді.

Астанадағы ескі вокзалда асхана төбесі опырылды

Астанадағы ескі теміржол вокзалы аумағындағы асханада төбе опырылып, екі адам медициналық көмекке жүгінді.