Categories Қаржы

Қазақстанда интернет жылдамдығы 75%-ға өсті: 1 трлн теңге инвестиция

Қазақстанда соңғы үш жылда интернет жылдамдығы 75 пайызға артты. Бұл – телекоммуникация саласына салынған 1 триллион теңгеден астам инвестицияның нәтижесі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бұл қаржы жаңа байланыс желілерін тартуға және ескірген жабдықтарды жаңартуға жұмсалған. Нәтижесінде еліміздің интернет инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарған.

«Біз интернеттің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға басымдық беріп келеміз. Инвестицияның арқасында қалалар ғана емес, ауылдық жерлер де жылдам интернетке қосыла бастады», – деді министр.

Айта кетейік, бұл көрсеткіш Қазақстанның цифрлық даму индекстегі орнын жақсартуға септігін тигізбек. Алдағы уақытта 5G желісін енгізу жоспарлануда.

Ұқсас жазбалар

Пайызсыз ипотека қазан айында іске қосылады: бастапқы жарна мөлшері белгілі болды

«Отбасы банк» 2026 жылдың қазан айынан бастап исламдық ипотека өнімін іске қосуды жоспарлап отыр. Бастапқы…

Жұманғарин: Мұнай өндірісі ақсамаса, ІЖӨ 6%-дан асатын еді

Вице-премьер Серік Жұманғарин мұнай өндірісінің жоспардан 5 млн тоннаға кем болуы ІЖӨ өсімін тежегенін айтты.

Инфляция баяулады: баға қысымы азайып келеді

Қазақстанда инфляция қарқыны төмендеп, баға қысымы әлсіреп келеді. Жылдық көрсеткіш айтарлықтай төмендеген.