Categories Қаржы

Диқандар биыл дизельді 263 теңгеден алады, бірақ баға өзгеруі мүмкін

Биыл егін шаруашылығына арналған дизель отынының бағасы бекітілді. Енді шаруалар литріне 263 теңге төлейді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алайда бұл – әлі түпкілікті баға емес. Өңірлік операторлар өздерінің үстемеақысын қосады, сондықтан шаруалар литріне 281 теңгеге дейін төлеуі мүмкін. Бұл шешімді жергілікті әкімдіктер бекітеді.

Былтырғы жылмен салыстырғанда баға өзгерген жоқ. Өткен жылы да дизель отынының бағасы осы деңгейде болған еді. Алайда шаруалар жанармайдың уақытылы жеткізілуін сұрап отыр.

«Бізге баға ғана емес, отынның уақытында жетуі маңызды. Егіс науқаны кезінде кідіріс болмаса екен», – дейді Оралдық диқан Бақытжан Серікқалиев.

Қазіргі уақытта облыс әкімдігі дизель отынын үлестіру кестесін дайындап жатыр. Шаруаларға жанармай мамыр айынан бастап беріледі деп күтілуде.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда 339 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды

Қазақстанда 339 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды. Цифрлық теңге мемлекеттік сатып алуларда, инвестициялық жобаларда, субсидиялау…

Қонаевта кардиологиялық орталық ашылды

Қонаевта кардиологиялық орталық ашылды. Құрылысқа 3 млрд теңге жеке инвестиция салынып, 200 медицина қызметкері жұмысқа…

Қазақстан мен Қытай терең өңдеу жобаларын талқылады

Үрімшіде өткен кездесуде Қазақстан мен Қытай көмір химиясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және ветеринария…