Қазақстанда құрылған AEROO EdTech-стартапы халықаралық деңгейге көтерілді. Енді оның қызметі Вьетнам, Индонезия және Сингапурда қолжетімді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жоба инженерия мен білім беруді ұштастырып, оқушыларға заманауи технологияларды меңгеруге мүмкіндік береді. Стартаптың негізгі мақсаты – инженерлік білімді қолжетімді ету.
«Біздің платформа арқылы жүздеген студент тәжірибе жинақтап, нақты жобаларды жүзеге асыруда. Енді азиялық нарықта да өз орнымызды табуға ниеттіміз», – дейді жоба жетекшілері.
Стартаптың табысы қазақстандық білім беру саласының әлеуетін көрсетеді. Алдағы уақытта AEROO басқа да елдерге экспансия жасауды жоспарлап отыр.

