4 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың көп жерінде ауа райы құбылмалы болмақ. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, кей өңірлерде бұршақ пен дауыл соғады. Оңтүстік және шығыс аймақтарда шаңды дауыл күтіледі. Тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» мәліметінше, Қызылорда облысында, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін жетеді.

Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде бұршақ жауып, желдің күші 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде шаңды дауыл соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Павлодар облысында күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Ұқсас жазбалар

АҚШ-та аптап ыстықтан 25 адам қаза тапты

АҚШ-тың шығыс бөлігіндегі ыстық ауа массасы 20-дан астам штатта температураны +38°C-тан жоғары көтерді. The Guardian…

Мемлекет басшысы Тұңғыш Президентті туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оның тарихи миссиясын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Астана — егемен еліміздің жүрегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана күніне арналған құттықтауында елорданы егемен еліміздің жүрегі деп атады.