Categories Жайық news

Елімізде қылмыс азайды: Ішкі істер министрі Президентке не баяндады?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдап, елдегі криминогендік ахуал туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ержан Сәденов Мемлекет басшысына қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде бұрын берілген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады.

Министрдің мәліметінше, биылғы екі айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қылмыс деңгейі 8 пайызға төмендеген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 мыңға аз. Сондай-ақ құқық бұзушылықтың негізгі санаттарындағы көрсеткіштер төмендеп, қылмыстарды ашу деңгейі артқаны байқалады.

Ведомство басшысы интернет-алаяқтыққа қарсы жүйелі күрес жалғасып жатқанын атап өтті. Алдын алу шаралары мен шетелдік құқық қорғау органдарымен бірлескен іс-қимылдардың арқасында киберқылмыс көлемі 4 пайызға азайған.

Ұйымдасқан қылмыспен күрес аясында 11 топтың қызметі тоқтатылып, 71 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, есірткі қылмысына қарсы белсенді жұмыстар нәтижесінде бес есірткі зертханасы жойылды. Заңсыз айналымнан 881,5 кило түрлі есірткі заты, оның ішінде 104 килодан астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

Сондай-ақ министр дропперлік, сталкинг (аңду) және некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу сияқты азаматтарды қорғауға бағытталған заңнамалық бастамаларға ерекше тоқталды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Әке – отбасының тірегі: Оралда облыстық форум өтті

Бүкіл ел бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның…

Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды

Енді өңір тұрғындары мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды өздеріне ыңғайлы мекенжай бойынша жеткізуге тапсырыс бере алады.…

Второй шанс без угрозы для общества – депутат рассказала, что предусматривает амнистия к новой Конституции

Депутат Мажилиса Парламента Снежанна Имашева разъяснила порядок применения амнистии, приуроченной к принятию новой Конституции. Она…