Categories Әлем

Орта Азияда су тапшылығы: Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан жазда суды қалай бөліседі?

Сурет: istockphoto.com

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Тәжікстан мен Өзбекстан әріптестерімен бірге жазғы маусымда суды бөлу мәселесін талқылады. Кездесуде су тапшылығы жағдайында үш елдің су ресурстарын тиімді пайдалану жолдары қарастырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрлер Сырдария өзенінің су ресурстарын бөлу кестесін нақтылап, әр мемлекеттің ауыл шаруашылығы қажеттіліктерін ескере отырып, суды үнемдеу шараларын күшейтуге келісті. Әсіресе, жазғы ыстықта судың аздығынан егін алқаптарына зиян келмеуі үшін алдын ала жоспар құру маңызды.

Тәжікстан мен Өзбекстан өкілдері суды бөлудегі өзара түсіністік пен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді. Келіссөздер нәтижесінде үшжақты мониторинг тобын құру және су үнемдеу технологияларын енгізу туралы шешім қабылданды.

Ұқсас жазбалар

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эбола вирусымен күресу үшін 518 миллион доллар бөлді.

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасты

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасқан. Келісімге Біріккен Араб Әмірліктері арағайын болған.

Азов теңізіндегі дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тапты

Азов теңізінде жүк кемелеріне жасалған дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тауып, тағы үш адам…