Қазақстанның 16 облысында ауа райы түрленеді: жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл күтіледі

22 мамырда Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Елдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, қатты жел, бұршақ және шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, Батыс Қазақстан облысында да ауа райы тұрақсыз болады. Орал қаласы мен Жайық өңірінде желдің күші 15-20 м/с жетуі мүмкін, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

«Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жұртшылықты сақ болуға шақырамыз. Далаға шыққанда күртеше алып, қатты жел кезінде ағаштар мен биік құрылыстардың астында тұрмаңыздар», – деді облыстық ТЖД өкілі.

Сонымен қатар, оңтүстік және шығыс аймақтарда шаңды дауыл мен бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында да осыған ұқсас қауіпті құбылыстар болжанып отыр.

Ұқсас жазбалар

Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды

32 жастағы ер адамның денесі жалға берілетін уақытша баспанадан табылды. Полиция марқұмның танысын анықтап, оны…

Астанада екі шаруашылық құрылысы өртенді

Астанада Байқоңыр ауданында екі шаруашылық құрылысы өртенді. ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіріп, зардап шеккендер жоқ.

Астанада Қорғалжын тас жолының бір бөлігі жөндеуге жабылады

Астанада Қорғалжын тас жолының бір бөлігі жөндеуге байланысты ішінара жабылады. Жұмыстар мердігер қаражаты есебінен жүргізіледі.