Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келді: полиция алдын алды

Алматыда бір мектептің оқушысы сабаққа балта алып келген. Полиция қызметкерлері оқиғаның алдын алып, қауіптің бетін қайтарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқушы қыз мектепке балтаны рюкзагында жасырып әкелген. Қауіпсіздік қызметі күдікті затты байқап, дереу полицияға хабар берген.

«Қазіргі уақытта қызбен және оның ата-анасымен әңгіме жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді полиция өкілі.

Бұл оқиға мектептегі қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін тағы бір рет еске салды. Полиция ата-аналарды балаларының жүріс-тұрысына мұқият болуға шақырады.

Ұқсас жазбалар

Астанадағы марафонға әлемнің 30 елінен қатысушы келеді

7 маусымда Астанада бесінші рет Astana Half Marathon өтеді. Биылғы ең ауқымды жарысқа әлемнің 30-дан…

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк…

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…