Categories Әлем

Оралдық оқушылар Түркиядағы робототехника олимпиадасында топ жарды

Оралдың жас робототехниктері Түркияда өткен Fibonacci Eurasia Robot Olympiad халықаралық жарысында жүлделі орындарға ие болды. Байқауға 11 елден 629 команда қатысып, бақ сынасты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс Анталья қаласында ұйымдастырылды. Орал қаласындағы №41 IT-мектеп-лицейінің оқушылары мен жаттықтырушылары осы шараға белсенді қатысып, бірнеше номинация бойынша жеңіске жетті.

«Біздің команда роботтарды бағдарламалау және құрастыру саласында жоғары деңгей көрсетті. Бұл – үлкен жетістік», – деді жетекші ұстаз.

Олимпиадада оралдық оқушылар алтын және күміс медальдарды иеленді. Қазіргі таңда жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтіп, оларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Ұқсас жазбалар

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эбола вирусымен күресу үшін 518 миллион доллар бөлді.

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасты

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасқан. Келісімге Біріккен Араб Әмірліктері арағайын болған.

Азов теңізіндегі дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тапты

Азов теңізінде жүк кемелеріне жасалған дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тауып, тағы үш адам…