Тоқаев: Алатау – криптоиндустрияның жаңа ордасы болады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын цифрлық активтер мен жаңа қаржы жүйесінің басты орталығына айналдыруды тапсырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл қала криптоиндустрияны дамытуға және заманауи қаржы технологияларын енгізуге қолайлы алаң болуы керек.

«Алатау – цифрлық активтер мен жаңа қаржы жүйесін қалыптастырудың стратегиялық орталығына айналуы тиіс. Біз бұл бағытта барлық жағдайды жасаймыз», – деді Тоқаев.

Президенттің бұл тапсырмасы еліміздегі криптосаланы реттеу мен дамытуға жаңа серпін береді деп күтілуде.

Ұқсас жазбалар

Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды

32 жастағы ер адамның денесі жалға берілетін уақытша баспанадан табылды. Полиция марқұмның танысын анықтап, оны…

Астанада екі шаруашылық құрылысы өртенді

Астанада Байқоңыр ауданында екі шаруашылық құрылысы өртенді. ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіріп, зардап шеккендер жоқ.

Астанада Қорғалжын тас жолының бір бөлігі жөндеуге жабылады

Астанада Қорғалжын тас жолының бір бөлігі жөндеуге байланысты ішінара жабылады. Жұмыстар мердігер қаражаты есебінен жүргізіледі.