Categories Жайық news

Нұрай Серікбайдың видеосы неге тарап кетті? ІІМ экс-полицейге қатысты ресми мәлімдеме жасады

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха марқұм Нұрай Серікбайдың жауап беріп отырған видеожазбасының таралуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұған дейін жәбірленуші тараптың адвокаты Сержан Нұрпейісов бұрынғы полиция қызметкерінің үстінен іске қатысты құпия дәлелдемелерді таратқаны үшін шағым түсірген болатын. Әңгіме марқұм қыздың күдіктіге ешқандай шағымы жоқ екенін айтқан видеожазбасы туралы болып отыр.

Игорь Лепеханың айтуынша, полиция департаменті қызметкерінің жазбаны таратуға еш құқығы болмаған.

«Оның бұлай жасауға құқығы болмады. Бірақ тағы да қайталап айтамын: іс қозғалды, осы әрекетке де құқықтық баға беріледі», – деді ол Сенатта өткен брифингте.

Вице-министр полиция қызметкерлерінің салғырттығына қатысты қылмыстық істің тергеу барысы туралы пікір білдіруден бас тартты. Ол тергеудің ресми аяқталуын күтуді сұрады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«ИНДЕРБОР – ОРАЛ» ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ ЖОБАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

«Индербор – Орал» теміржол желісінің құрылысы перспективалы жобалар тізіміне енді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас…

Нұрлы жол – Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды

Әлеуметтік желіде «Сары-Арқа Компани» ЖШС пойызында жолаушының қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Хабарламада ер адамның…

Көліктерді аулаларға, көгалдарға және ойын алаңдарына қоюға тыйым салынады

Биыл 1 шілдеден бастап Қазақстанда қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың жаңа үлгілік қағидалары күшіне…