Categories Жайық news

«Самұрық-Қазына» қорындағы жасанды интеллект дауға қалды: Бас прокуратурадан SKAI-ды қызметінен босату талап етілді

Қазақстан миноритарлық акционерлер қауымдастығы (QAMS) «Самұрық-Қазына» қорының заңнаманы бұзуы мүмкін екенін алға тартып, Бас прокуратурадан шара қолдануды сұрады. Дауға SKAI нейрожүйесінің қордың директорлар кеңесі құрамына «тағайындалуы» себеп болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қауымдастық өз үндеуінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) нейрожүйені директор етіп тағайындауды Қазақстан заңнамасын бұзу деп санайтынын еске салды. Өйткені жасанды интеллект – жеке тұлға емес, оның тәуелсіздігі жоқ, өз бетінше шешім қабылдап, пайым жасай алмайды. Бұл «Самұрық-Қазына» сияқты қордың директорлар кеңесі мүшелеріне қойылатын талаптарға сай келмейді.

Осыған байланысты QAMS Бас прокуратурадан тиісті тексеріс жүргізіп, заң бұзушылық анықталған жағдайда шара қолдануды және «Самұрық-Қазына» қорының қызметі заң аясында жүргізілуіне кепілдік беруді сұрады.

«Қауымдастық заң нормаларының сақталуын, миноритарлық инвесторлардың құқығын қорғауды және реттеушілік әрі инвестициялық тәуекелдерді азайтуды үнемі қолдайды. Жасанды интеллект бизнес-процестерді талдау мен оңтайландырудың тиімді құралы бола алады. Алайда компанияны басқару органының мүшесі тек жеке тұлға болуы тиіс», — деп атап өтті QAMS өкілдері.

Айта кетейік, биыл қаңтарда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы бойынша нейрожүйелердің заңды субъектілігі жоқ екенін және компанияларды басқара алмайтынын ресми түрде растаған болатын.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы…

БҚО-да Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті  

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті…

Трактормен полициядан қашқан жүргізуші ұсталды: не болды?

Батыс Қазақстан облысында трактор жүргізушісі полиция тоқтатқанда бағынбай, қашуға тырысқан. Ол ұсталып, қамауға алынды.