Categories Жайық news

Brent мұнайы 100 доллардан асты: Таяу Шығыстағы дағдарыс бағаны шарықтатып жіберді

Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстың ушығуына байланысты Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 100 доллардан асып кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Сауда алаңдарының деректеріне сәйкес, бейсенбі күні мұнай бағасы бір сауда сессиясында 9%-дан астам өсіп, 100,97 долларға жеткен. Бір күн бұрын оның құны 2,9%-ға қымбаттап, 90,05 долларды құраған еді.

Мамыр айындағы фьючерстер 14,33%-ға (100,39 доллар), ал WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 9,26%-ға (95,33 доллар) қымбаттады.

Бағаның бұлайша күрт өсуіне Таяу Шығыстағы ахуал себеп болып отыр. АҚШ пен Израильдің соққыларынан кейін Иран аймақтағы америкалық әскери базалар мен негізгі энергетикалық нысандарға жауап ретінде соққы жасады.

Иранның Ормуз бұғазын бұғаттауы жағдайды одан сайын ушықтырды. Бұл бұғаз арқылы әлемдік мұнай сұранысының бестен бір бөлігі тасымалданады.

Saudi Aramco мұнай компаниясының басшысы Әмин Насер Ормуз бұғазының жабылуына байланысты туындаған дағдарысты осы сала тарихындағы ең ауқымдысы деп атады. Оның айтуынша, Таяу Шығыстан мұнай жеткізу көлемі азайып барады.

«Бес жылдық минимумда тұрған әлемдік қорлар енді «жеделдетілген қарқынмен» сарқылады», – деді ол.

Жақында Әбу-Дабиден батысқа қарай 240 шақырым жерде орналасқан Біріккен Араб Әмірліктерінің Рувайс қаласындағы ірі мұнай өңдеу зауытына ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасап, салдарынан өрт шыққаны да жағдайға әсер етті.

Фото авторы: Сергей Коньков/ДП

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Бірлік күніне орай үндеу жасады: «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтап, «Әралуандықтағы бірлік» формуласы мемлекеттік саясаттың негізі екенін атап…

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы…

БҚО-да Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті  

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті…