Categories Ақорда

Биыл Мемлекет басшысының ішкі және сыртқы саясаттағы жұмысы қарқынды болды

Сурет: Ақорда

2025 жыл Қазақстан үшін саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда маңызды кезең ретінде есте қалды. Елде ауқымды жаңғыру үдерістері жүріп, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған нақты нәтижелер байқалды. Бірқатар жаңа өндіріс іске қосылып, ауыл шаруашылығында өнім көлемі артты. Сонымен қатар тұрғын үй құрылысы жанданып, білім беру және денсаулық сақтау нысандары бой көтерді, жол инфрақұрылымы жаңғыртылды.

Жыл ішінде Қасым-Жомарт Тоқаев елдің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, өндірістік, ғылыми және әлеуметтік бағыттағы 50-ден астам нысанның тыныс-тіршілігімен танысты.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы 16 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерінен есеп алып, өңірлердің даму барысын жеке бақылауда ұстады.

Ұқсас жазбалар

Бектенов: Отандық өндірушілерді қолдау – басты басымдық

Премьер-министр Олжас Бектенов отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысын өткізіп, отандық өндірушілерді қолдау басты басымдық екенін айтты.

Балаева: Бала – мемлекеттің басты капиталы

Аида Балаева балаларды мемлекеттің басты капиталы деп атап, олардың қауіпсіздігі мен дамуына ерекше көңіл бөлу…

Бектенов Air Products басшысымен газ химиясындағы ынтымақтастықты пысықтады

Премьер-министр Олжас Бектенов Air Products компаниясының өкілімен кездесіп, газ химиясы саласындағы бірлескен жобаларды талқылады.