Categories Жайық news

Атырауда ауа сапасы күрт нашарлады: Күкіртті сутек мөлшері 36 есе асып кеткен

Атырау облысында ауа сапасына талдау жүргізіліп, екі бірдей ауданда күкіртті сутек мөлшерінің шектен тыс артқаны анықталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мамандар атмосфералық ауа сынамаларын Тасқала ауылы мен «Химпоселок» шағын ауданынан алған. Нәтижесінде екі аумақта да ауаның қатты ластанғаны белгілі болды.

«Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала ауылында күкіртті сутек концентрациясы шекті мөлшерден – 17,5 есе, оған іргелес аумақта – 15 есе, ал «Химпоселок» шағын ауданында 36,3 есеге дейін артқаны тіркелді».

Талдау нәтижелері тиісті шараларды қабылдау үшін мемлекеттік органдарға жолданды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 1000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға…

БҚО-да ауыл әкімдерінің алғашқы форумы: негізгі мәселелер мен шешімдер

Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің алғашқы форумы өтіп, онда инфрақұрылым, жол және су мәселелері…