Categories Жайық news

«Ауыр жарақат»: Шавкат Рахмонов жекпе-жегін кейінге қалдырды

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты тағы бір ота жасатқанын мәлімдеп, октагонға оралуы кейінге шегерілетінін ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Спортшы бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, жауынгердің жолы ешқашан жеңіл болмайды және кейде арманның құны денсаулықпен өлшенеді.

«Бүгін мен шынымды айтуым керек: созылмалы жарақаттарыма байланысты тағы бір ота жасатуға тура келді. Толық қалпыма келу үшін уақыт қажет. Осыған байланысты менің октагонға оралуым кейінге қалдырылды», – деп жазды Рахмонов.

Файтер бұл жаңалықты қабылдау оңай болмағанын, бірақ әр сәтсіздіктің үлкен жоспардың бір бөлігі екеніне сенетінін жеткізді.

«Мен бұрынғыдан да мықты, ақылды және жеңіске құштар болып ораламын. Мақсатым әлі өзгерген жоқ. UFC белбеуі Қазақстанға келуі тиіс. Қандай жағдай болмасын, менімен бірге қалатын барша жанкүйерге алғыс айтамын. Бұл – жолдың соңы емес, оның маңызды бір тарауы ғана», – деп түйіндеді сөзін спортшы.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында екі елдің мәдени ынтымақтастығына қатысты жаңа жобалар талқыланды

Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Мәдени дәстүрлерді біріктіру және заманауи шығармашылық…

Шыңғырлау және Бөрлі аудандары жастарының жолдастық кездесуі өтті

«Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып жатқан игі бастамалардың жарқын көрінісі ретінде Шыңғырлау және Бөрлі…

Бірегей цех жұмысын бастады  

«QazExpoCentre-Pipe» ЖШС-да мұнай мен газ өндіру ісінде таптырмайтын бөлшек – сорапты-компрессорлық муфталар шығаратын жаңа өндірістік…