Categories Саясат

Ақтаудағы AZAL ұшақ апаты: Ресейлік әскери капитан әзербайжан ұшағын жоюға бұйрық берілген

1 шілде күні әзербайжандық Minval басылымы 2024 жылдың 25 желтоқсанында Грозныйға жақындаған кезде құлатылған Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 жолаушылар ұшағына байланысты ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ПВО) капитаны Дмитрий Паладичуктің түсіндірме хатын жариялады, деп хабарлайды ZhaiyqMedia порталы Todayinfo.kz сілтеме жасап.

Minval басылымының мәліметінше, редакцияға «анонимді дереккөзден сенсациялық материалдар» келіп түскен. Олардың арасында Паладичуктің жазбаша түсіндірмесімен қатар, шабуыл сәтінде түсірілген видео және аудиожазбалар да болған.

Хат мәтінінде Embraer 190 ұшағы нақты аталмағанымен, ПВО капитаны тұман салдарынан көзге көрінбеген «потенциалды нысана» туралы баяндайды. Ол нысанның биіктігі мен жылдамдығын 51-дивизияның әскери командалық пунктіне баяндаған. Телефон арқылы алынған бұйрық бойынша, капитан нысананы жоюға пәрмен беріп, операторға оқ атуға бұйырған. Алғашқы зымыран нысанаға тимеген соң, ол екінші рет соққы жасау туралы бұйрық берген.

The Insider басылымының зерттеуіне сәйкес, Дмитрий Паладичук расымен де Новосібірдегі 14-әуе армиясының ПВО құрамында қызмет еткен. Журналистермен телефон арқылы сөйлескен ол түсіндірме хатты өзі жазғанын растаған және қолжазбасындағы ерекшеліктерді (мысалы, «ё» әрпінің жазылуы) мойындаған. Сонымен қатар, оның дауысы әзербайжандық БАҚ жариялаған видеодағы дауыспен сәйкес келеді.

Еске салайық, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Бакуден Грозныйға бет алған AZAL әуе компаниясының Embraer 190 жолаушылар ұшағы Қазақстанның батысындағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Бортта 67 адам болған, оның ішінде 5 экипаж мүшесі бар. 38 адам қаза тауып, 29 адам тірі қалды.

Алдын ала тергеу нәтижелері бойынша, ұшаққа сырттан зымырандық соққы жасалып, фюзеляжда тесіп өтетін зақымдар анықталған. Ұшақ Грозныйға қонуға тырысқан сәтте, аймақ украиндық дрондар шабуылына ұшырап, Ресей ПВО күштері жоғары дайындық режиміне көшкені айтылған.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан мен Израиль президенттері кеңейтілген келіссөз өткізді: не туралы сөйлесті?

Қазақстан мен Израиль президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, экономика, инвестиция және мәдениет салаларында ынтымақтастықты кеңейтуді…

Аида Балаева Астана мектебіндегі TopIQ Smart Class жүйесімен танысты

Мемлекеттік кеңесші Аида Балаева Астанадағы №81 мектеп-лицейде TopIQ Smart Class цифрлық білім беру жүйесімен танысты.

Базарбек: Platonus жүйесі жекешеленіп, студенттерге қымбатқа түсіп жатыр

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп, студенттерге қымбатқа түсіп жатқанын сынға алды.