Categories Жайық news

«Заң мен Тәртіп» — тікелей эфирде

 Батыс Қазақстан облысы құқық қорғау органдарының басшылары өзекті сұрақтарға жауап берді

Облыстық «Ақжайық» телеарнасында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі мәселелеріне арналған арнайы хабар өтті. Алғаш рет облыстың барлық құқық қорғау органдарының басшылары бір алаңға жиналды: Батыс Қазақстан облысының прокуроры Серік Шалабаев, Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев, Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Асқар Абенов және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Әділхан Сабуров.

Басты назарда – мемлекет басшысымен айқындалған «Заң және Тәртіп» мемлекеттік тұжырымдамасын жүзеге асыру.

Спикерлермен:
– құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күресу бойынша нақты шаралар;

– сыбайлас жемқорлықты жою қадамдары;

– қылмысқа қарсы және алдын алу бағдарламаларын іске асыру;

– құқықтық сананы арттыру және азаматтарды қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тарту мәселелері талқыланды.

Халықпен диалогтың ашықтығына ерекше назар аударылды: эфирге қатысушылар атап өткендей, тұрақты құқықтық тәртіптің негізіне азаматтардың сенімі мен олардың белсенді қатысуы айналады.

#ЗаңменТәртіп

Толығырақ сілтеме арқылы:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…