Categories Шартарап

ӘЧ-2026 ашылуында Шакира, David Guetta және Andrea Bocelli өнер көрсетеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі Астана уақыты бойынша 12 маусымға қараған түні Мехикода өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мерекелік шоу Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамалары арасындағы ашылу матчына шамамен бір жарым сағат қалғанда басталады. Ұйымдастырушылар әлемдік жұлдыздардың қатысуымен ауқымды музыкалық бағдарлама әзірледі.

Сахнада David Guetta, EJAE, Megan Thee Stallion және әйгілі италиялық тенор Andrea Bocelli өнер көрсетеді. Кештің басты музыкалық оқиғасы Шакираның өнер көрсетуі болмақ. Колумбиялық әнші нигериялық әртіс Burna Boyмен бірге турнирдің ресми әні – «Dai Dai» композициясын орындайды.

Сондай-ақ шоуға J Balvin, Tyla, Danny Ocean және Alejandro Fernández қатысады. Қазақстандық жанкүйерлер әлем чемпионатының ашылу салтанатын және Мексика – ОАР матчын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Әлем чемпионатының алғашқы ойыны Мехикодағы әйгілі Estadio Azteca стадионында өтеді. Мексика мен ОАР құрамалары арасындағы кездесу Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.

Ұқсас жазбалар

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді. Келісімге Қазақ ұлттық спорт университетінің ашылу рәсімінде қол…

Қазақ аспаздары Қытайда өткен халықаралық байқауда күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық аспаздар Қытайдың Циндао қаласында өткен «Ас үй патшасы» халықаралық гастрономиялық байқауында күміс жүлдеге ие…

Бас Прокурор Берік Асылов жасанды интеллект саласындағы әлемдік сарапшы Кай-Фу Лимен кездесті

30 маусым күні Бас прокуратурада маңызды кездесу өтті. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов жасанды…