Categories Жайық news

Зейнетақыны баспанаға жұмсау: Енді ипотека пайызын төлеуге тыйым салынады

Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану тәртібіне маңызды өзгерістер енгізілді. Жаңа ережелер 2026 жылдың 31 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ең басты жаңалық – зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстау тоқтатылады. Бұған дейін азаматтар салықты алдын ала немесе кейінге қалдырып төлеуді өздері таңдайтын. Енді бұл таңдау алынып тасталды.

Сонымен қатар ипотеканы өтеуге қатысты жаңа шектеу пайда болды. Енді зейнетақы қаражатын тек ипотеканың негізгі қарызын жабуға ғана жұмсауға рұқсат етіледі. Онымен несиенің пайызын төлеуге болмайды.

Егер азаматтар растаушы құжаттарды уақытында өткізбесе, алынған қаражат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шотына кері қайтарылады. Ал арнайы шоттан БЖЗҚ-ға ақша қате аударылған жағдайда, банк 3 жұмыс күні ішінде хабарлама жібереді, ал зейнетақы қоры 5 жұмыс күні ішінде ақшаны қайта аударады.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…