Voenmart: әскерилер азық-түлік пен тауарларға онлайн тапсырыс бере алады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан Қарулы күштерінде мерзімді қызметтегі сарбаздарды сауда-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуге арналған Voenmart пилоттық жобасы енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жоба әзірге Алматы облысындағы 78460 әскери бөлімінде, Гвардейск гарнизонының оқу орталығында, Астанадағы 68665 әскери бөлімінде және Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде іске қосылған. Тапсырыстарды рәсімдеу үшін жеткізуші компания әскери бөлімдерге планшеттер мен арнайы терминалдарды тегін орнатқан.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жаңа жүйе әскери қызметшілерге қажетті тауарларды онлайн тапсырыс беру арқылы әскери бөлім аумағына жеткізіп алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өнім сапасын бақылаудың көпсатылы тетігі мен тапсырыстарды қадағалаудың ашық жүйесі қарастырылған.

Voenmart дәстүрлі әскери дүкендермен салыстырғанда кең ассортимент ұсынады. Мұнда жеке гигиена құралдары, киім-кешек пен тұрмыстық заттардан бөлек, жаңа піскен жемістер, шырындар, түрлі тіскебасарлар, нан өнімдері және күнделікті тұтынатын басқа да тауарлар сатылады.

Жобаның ерекшеліктерінің бірі – дайын ыстық тағамдарға тапсырыс беру мүмкіндігі. Сарбаздар бургер, пицца, бәліш секілді тағамдарға тапсырыс беріп, оларды ыстық күйінде ала алады.

Сонымен қатар жеткізу қызметі толықтай тегін көрсетіледі. Әскери қызметшілер тек тауардың құнын төлейді, қосымша комиссия немесе қызмет көрсету ақысы алынбайды.

Қорғаныс министрлігі пилоттық жобаның нәтижесін саралағаннан кейін Voenmart жүйесін еліміздің өзге де әскери бөлімдеріне кезең-кезеңімен енгізу мәселесін қарастыратынын мәлімдеді.

Ұқсас жазбалар

Президент Cameco корпорациясының басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим…

Мемлекет басшысы AD Ports Group басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев AD Ports Group басшысы Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесіп, Каспий аймағының көлік-транзит әлеуетін кеңейту мәселелерін…

Мемлекет басшысы Anadolu Group холдингінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Anadolu Group холдингінің төрағасы Камиль Сулейман Языджиді қабылдады. Кездесуде инвестициялық ынтымақтастықты…