Categories Қоғам

Биыл елімізде 13 мыңнан астам адамды кене шаққан

Сурет: Egemen Qazaqstan

Денсаулық сақтау министрлігі көктем шығып, күн жылынғаннан бастап кенеге қарсы профилактикалық шараларды күшейткен. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің дерегінше, маусым басталғалы 13 мыңнан астам адамды кене шағып, олар медициналық көмекке жүгінген. Олардың 90 пайыздан астамы кене энцефалитіне қарсы шұғыл профилактикалық көмек алған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, жаз мезгілінде табиғи-ошақтық инфекциялардың таралу қаупі артады. Осыған орай министрлік эпидемиологиялық мониторингті күшейтіп, медициналық ұйымдарды иммуноглобулинмен қамтамасыз еткен. Сондай-ақ қауіп тобына кіретін азаматтарды вакцинациялау және эндемиялық өңірлерде кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Кене энцефалиті – табиғи-ошақтық жұқпалы ауру. Қазақстанда бұл ауру көбіне Алматы қаласы мен оның маңында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Абай облысының Көкпекті ауданында, Ақмола облысының Сандықтау ауданында және Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында тіркеледі.

Елімізде жыл сайын кене энцефалитінің 24-тен 48-ге дейінгі жағдайы анықталады. Биыл зертханалық жолмен 24 жағдай расталып, бұл көпжылдық орташа маусымдық көрсеткішке сәйкес келіп отыр.

Айта кетейік, Ақмола облысында кене шаққан жасөспірім жансақтау бөліміне түсті.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

Еліміздің біраз өңірлерінде жүргізілген ауқымды реконструкциядан кейін 30 теміржол вокзалы мен жолаушылар инфрақұрылымы нысандары пайдалануға…

Көктемгі шақыру қорытындысы: Қазақстан әскері 21 мыңнан астам азаматпен толықты

Көктемгі шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 18 бен…

Мемлекеттің заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу құқығы конституциялық деңгейде бекітілді

Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді. Негізгі Заң қоғамның іргелі құндылықтарын айқындап, адам мен азаматтың құқықтары…