Categories Саясат

Қазақстан мен Корея парламентаралық байланыстарды нығайтуды талқылады

Сурет: ҚР СІМ

Қазақстанның Кореядағы елшісі Асет Исенали Корея Ұлттық Ассамблеясының депутаты Ли Чжэ Канмен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде тараптар парламентаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Кореяға жоспарланған сапары мен «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне дайындыққа ерекше назар аударылды. Тараптар бұл шаралар екіжақты стратегиялық әріптестікке серпін беретініне сенім білдірді.

Қазақстандық дипломат кореялық парламентарийге Қазақстандағы саяси реформалар, заң үстемдігін нығайту және инвестициялық ахуал туралы айтып, жаңа Конституцияның негізгі ережелерімен таныстырды. Сондай-ақ корей диаспорасының екі ел арасындағы достықты нығайтудағы рөлі атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар парламентаралық байланыстарды нығайтуға, гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге және жаңа бірлескен бастамаларды ілгерілетуге өзара мүдделіліктерін растады.

Ұқсас жазбалар

«Ауыл» партиясы Құрылтайға 69 кандидатты ұсынды

«Ауыл» партиясының XXVI кезектен тыс съезінде Құрылтайға ұсынылатын кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді.

«Ауыл» партиясының съезінде жәрдемақымен ел құруға болмайтыны айтылды

XXVI съезде «Ауыл» партиясы алғаш рет аграрлық күн тәртібінен бәсекелестермен тікелей пікірталасқа көшті.

Захира Бегалиева: ауыл тұрғындарына сапалы медицина мен әлеуметтік қызмет қолжетімді болуы керек

Астанада өткен «Ауыл» партиясының съезінде Захира Бегалиева ауыл тұрғындарына сапалы медицина мен әлеуметтік қызметтің қолжетімділігін…