Иран мен АҚШ арасындағы шиеленісті бәсеңдету үшін делдалдар арқылы келіссөздер басталуы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Axios басылымы АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасап жазды. Ақпаратқа сәйкес, Тегеран Вашингтонмен тікелей емес, үшінші тарап арқылы диалог құруға дайын екенін білдірген.
Келіссөздерді ұйымдастыруға Түркия, Мысыр және Катар мемлекеттері атсалысып жатыр. Кездесу Түркия астанасы Анкарада өтеді деп жоспарланған.
Америка тарапынан келіссөздерге арнайы өкіл Стив Уиткофф қатысатыны белгілі болды. Ал Иран тарапынан келетін ресми тұлғалардың есімдері әзірге нақтыланбады.
Фото: Әлеуметтік желіден

