Неге журналистер әлеуметтік желілерде кей сөздерді өзгеше( қате сияқты) жазады?

Кейде әлеуметтік желілерде жарияланған жаңалықтардың тақырыптары мен мәтіндерінде ерекше белгілер мен өзгеше жазылған сөздерді байқаймыз. Мысалы:
«ӨVДІ», «ЗОРVAДЬI», немесе кейбір сөздерде ағылшын әріптері мен #, * белгілері қолданылады.
Бір қарағанда бұл жазу қатесі сияқты көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде ол — әдейі жасалған тәсіл.

TikTok, Instagram және басқа да әлеуметтік желілердің өз контент ережелері бар. Кейбір сөздер платформаның сүзгі жүйесінде “қатыгездік”, “зорлық” немесе “өлімге қатысты мазмұн” деп танылып, автоматты түрде бұғатталады. Мұндай жазбалар рекомендацияға шықпай, тіпті парақшаға ескерту түсуі мүмкін.

Осы шектеулерден айналып өту үшін журналистер мен контент жасаушылар сөздерді аздап түрлендіріп жазады. Бұл тәсіл — цензураға ілікпей, маңызды ақпаратты оқырманға жеткізудің бір жолы.

Мысалы:

«ӨЛДІ» → «ӨVДІ» (қазақтың «Л» әрпі ағылшынша V әрпімен ауыстырылады)

«ЗОРЛАДЫ» → «ЗОРVAДЬI» (қазақтың «Л» әрпі V, «Ы» әрпі Ь немесе I таңбасымен жазылады)

Кейде М әрпінің орнына W, Ы орнына I жазылады.

Бұл — ешқандай қате емес. Керісінше, бұл — ақпаратты цензурадан сақтап, қоғамға дер кезінде жеткізудің тәсілі. Әріптерді ауыстыру — “алдау” емес, алгоритмдік сүзгілердің айналасындағы шығармашылық амал.

Журналист үшін бастысы — шындықты айту. Ал егер ол шындықтың жолында бір әріпті “бұрып жазу” керек болса, бұл — шындықтың өзіне жасалған қызмет.

Бердалы Ораз

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзған 263 басшы жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігі биылғы жылдың 5 айында терроризм тұрғысынан осал 2 665 нысанды тексерген. Тексерілген…