Categories Спорт

Жозе Моуринью «Реалға» ресми түрде қайта оралды

Сурет: Getty Images

Атақты португалиялық бапкер Жозе Моуринью мадридтік «Реал» клубына ресми түрде қайта оралды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Клубтың баспасөз қызметі директорлар кеңесінің отырысынан кейін мәлімдеме жасап, Моуриньюді Мадридке қайтару туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Тараптар үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Жозе Моуринью жаңа да, ескі клубындағы жұмысына 13 шілдеде, маусым алдындағы дайындық басталған күні кіріседі.

«2026 жылғы 11 маусым, бейсенбі күні Флорентино Перестің төрағалығымен өткен «Реал Мадрид» клубының директорлар кеңесі Жозе Моуриньюді 2029 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімге, яғни алдағы үш маусымға негізгі команданың бас бапкері етіп тағайындау туралы шешім қабылдады», делінген клуб мәлімдемесінде.

Естеріңізге салайық, Моуринью «Реалды» 2010-2013 жылдар аралығында жаттықтырған болатын. Осы кезеңде «корольдік клуб» оның жетекшілігімен 178 матч өткізіп, 127 рет жеңіске жетті, 23 рет жеңіліп, 28 ойында тең түсті. Португалиялық маманмен бірге мадридтік команда бір рет Испания чемпионатын, бір рет Испания кубогын және бір рет Испания суперкубогын жеңіп алды. Алайда Чемпиондар лигасын бағындыра алмады.

Ұқсас жазбалар

Әлем чемпионаты: Африка құрамалары плей-оффқа рекордтық жолдама алды

Футбол тарихында алғаш рет Африка құрлығынан тоғыз құрама әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Англия Панаманы 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Англия құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Панаманы 2:0 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты. Харри Кейн…

Хорватия Гананы жеңіп, плей-оффқа екінші орынмен шықты

Хорватия құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Гананы 2:1 есебімен ұтып, L тобында екінші…